Англияға маусымдық жұмысқа барған қазақстандықтардың құқығы қорғалады

Енді олар жергілікті биліктің қорғауында болады
Бұған дейін екі ел арасында стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім жасалғаны белгілі. Қазақ-Британ стратегиялық диалогының бүгінгі отырысында сол құжатты ратификациялау барысы талқыланды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Соңғы уақытта Англияға 6 айға маусымдық жұмысқа келуші қазақстандықтар көбейді.
Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Личтің айтуынша, Британ агенттігімен меморандум жасалып, еңбек мигранттарының құқықтары қорғалатын болды.