Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты

0 18

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты.

Жарыстың 8-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге екінші айналымда испаниялық Алена Большова — норвегиялық Ульрикке Эйкеримен кездесті.

Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:1, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Олар 3 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Анна Данилина мен Беатрис Хаддад Майя ширек финалға шығу үшін доданың 10-ракеткалары, америкалық Николь Меличар-Мартинес — аустралиялық Эллен Переспен таласады.

Ерлер арасында жұптық сында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ.

Александр Бублик даниялық Хольгер Рунемен бірге екінші айналымда тартысты матчта франциялықтар Кентен Гали — Адриан Маннариноға есе жіберді — 3:6, 7:5, 6:7 (8:10).

Александр Недовесов пәкстандық Айсам Курешимен бірге чемпионаттың 3-ракеткалары, сальвадорлық Марсело Аревало — нидерландылық Жан-Жюльен Ройерден ұтылып қалды — 0:6, 3:6.

Еске сала кетейік, АҚШ ашық чемпионатында қазақстандық қос жасөспірімнің іріктеу жарысының финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.