Анна Данилина Цинциннати турнирінің жартылай финалына шыға алмады

0 22

Анна Данилина Цинциннати турнирінің жартылай финалына шыға алмады

2022 жылғы 20 тамыз 09:29
Анна Данилина Цинциннати турнирінің жартылай финалына шыға алмады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Анна Данилина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге ширек финалда жарыстың 7-ракеткалары, украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен кездесті.

Бірінші партияда Л.Киченок пен Е.Остапенко басым түсті – 6:3.

Екінші сетте дәл осындай есеппен Беатрис пен Анна есе қайырды – 6:3.

Супер тай-брейкте Л.Киченок пен Е.Остапенко жеңісті жұлып алды – 10:8.

Бір сағат 21 минутқа созылған бәсеке барысында Данилина мен Хаддад Майя 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыластары 4 эйспен, 4 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Кейін Л.Киченок пен Е.Остапенко ресейлік Вероника Кудерметова – бельгиялық Элизе Мертенсті 4:6, 7:6 (7:5), 10:5 есебімен ұтып, финалға да шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Цинциннати турнирінің жартылай финалына өте алмағанын жазған болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.