Апаттан кейін «АрселорМитталдың» 8 шахтасында жұмыс бір тәулікке тоқтады

0 19

Шахтинскідегі апаттан кейін «АрселорМитталдың» 8 шахтасында жұмыс бір тәулікке тоқтатылған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өңірлік коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде мәлім етті.

«Қазіргі таңда «АрселорМитталдың» бүкіл шахталарындағы жұмыс қосымша түсіндіру жұмысын жүргізіп, учаскелерді тексеру үшін және шахтаға түсіп жұмыс істейтін жұмыскерлерден сынақ қабылдау үшін бір тәулікке тоқтатылған. Ал Ленин атындағы шахтаның апат салдарын жою жұмыстарына қатысты шешім сараптама комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін ғана қабыладанады», — деді Юрий Ильин.

Ал облыс әкімі Жеңіс Қасымбек қалған жеті шахтаның ертеңнен бастап жұмысын қайта жалғастыратынын еске салды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.