Ақмола облысында 15 жастағы оқушы қыз қаңғыбаспен бірге қашып кеткен

0 6

Ақмола облысында баспанасыз адаммен қашып кеткен 15 жастағы қыз табылды

9-сынып оқушысын 20 қыркүйектен бері қарай іздеп келген. Ол күндіз үйінен шығып, жоғалып кеткен.

Полиция К. есімді жоғалған қыз нақты тұрғылықты мекенжайы жоқ (қаңғыбас) адаммен Мамедов Наурызбай Асылбекұлымен бірге болуы мүмкін екендігін анықтаған.

«22 қыркүйек күні сағат 21:30-да жедел-іздестіру іс-шаралары барысында хабар-ошарсыз кеткен К.- ның орналасқан жері анықталды. Қазіргі уақытта қыз ата-анасына берілді. Жасөспірімге қатысты заңға қайшы әрекеттер жасалып-жасалмағанына қатысты тексеру жүргізілуде», – деп хабарлады ПД.

Leave A Reply

Your email address will not be published.