АҚШ-та шоколад фабрикасында қуатты жарылыс болды

0 14

АҚШ-тың Уэст-Рединг қаласында (Пенсильвания штаты) шоколад фабрикасында қуатты жарылыс болып, оның арты өртке ұласты. Салдарынан екі адам қаза тапты, тоғыз адам жоғалды.

Оның ақпаратынша, жарылыс жергілікті уақытпен 16:57-де (Астана уақытымен 02:57) болған. Салдарынан фабрика ғимараты опырылып, көршілес ғимарат зақымдалды. Қалалық полиция бастығы Уэйн Холбеннің айтуынша, жарылыс себебі әзірге белгісіз.

Уэст-Рединг ауруханасының баспасөз хатшысы Джессика Безлер төтенше жағдайдан 8 адамның ауруханаға түскенін хабарлады. Екі адам қаза тапты, тоғызы іздестіріліп жатыр.

NBC 10 телеарнасы бұған дейін кем дегенде 6 адам зардап шеккенін хабарлаған еді. Телеарна фабриканың ішінде болған қызметкерлер туралы ақпарат келтірілмеген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.