АҚШ-та ұшақтың үйге құлауынан қаза тапқандар саны нақтыланды

0

АҚШ-та шағын ұшақ тұрғын үйдің төбесіне құлауынан барлғығы 4 адам қаза болған.

Оқиға Миссисипи штатындағы Хаттисберг қаласында болған. Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері полицияға сілтеме жасай отырып хабарлады.

Белгілі болғаны, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай төмен қарай құлдилап, шаһардағы жер үйлердің біріне барып түскен. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-та азаматтық мақсатта қолданылатын шағын ұшақ апатынан 2 адам қаза тапқаны туралы хабарланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.