Ақсуда қарттар үйі өртенді

0 3

Ақсуда қарттар үйінен өрт шығып, бір адам зардап шекті7 Оқиға орнында жеке құрамнан 12 адам мен 4 техника жұмыс істеді

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қыркүйекте сағат 18.39-да Набережная көшесі, 27 мекенжайы бойынша Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Ақсу қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. — Екінші корпустың бесінші қабатында № 14 палатада 2 шаршы метр алаңда матрац бықсып, қатты түтін пайда болған. Өрт сөндірушілер баспалдақ маршы бойынша 4-ші және 5-ші қабаттардан 60 адамды эвакуациялады. Автосаты қолданылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны бесінші қабаттағы палатаның терезесіне құрастырылған қол оқпанын берді, — деді департаментте. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін бөлімше қызметкерлері зардап шеккен 1937 жылы туған ер адамды эвакуациялады. Ол Ақсу қаласының орталық ауруханасына жатқызылды

Leave A Reply

Your email address will not be published.