Ақтауда қала көшелерін су басты

0 66

Қала көшелерінен 19 398 текше метр су сорылды.

Ақтау қаласында кеше кешкі 23:00 бастап, таңғы 06:00 дейін нөсер жауын жауған. Осыған байланысты «Қала жолдары» ЖШС жұмысшылары түнгі кезекшілікте автомобиль жолдарында жиналған суды сорумен айналысты.

Атап айтқанда 1, 17, 16, 5, 7, 14, 34, 31 «б» шағынаудандарда, Халық арена, «Инара» тұрғын үй кешені, «Астана» сауда үйі маңында коммуналдық қызметкерлер жаңбырдың салдарымен күресіп жатыр.

Бұл жұмысқа 30 жұмысшы, 6 мотопомпа, 2 көлік жұмылдырылды.

Сонымен қатар 13 шағынаудан, 24 үйдің алдында автокөліктің үстіне ағаш құлаған. Оны төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері алды. Жарықты қалпына келтіру шаралары да жасалып жатыр.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.