Ақтауда жоғалып кеткен қыздың денесі табылды

0

 

Қыз 11-ықшамаудандағы үйден 23 ақпан күні кешке шығып, таксиге отырып, жағалауға қарай бет алды. Содан бері ол туыстарымен байланысқа шыққан жоқ.

«Теңіз жағалауынан оның жеке заттары: курткасы мен жейдесі және ұялы телефоны табылды», – делінген хабарламада. 25 ақпанда анасы полициядан жоғалған қызды табуға көмек сұрады. Сол күні полицейлер қыздың денесін 4-ші «А» ықшамауданынан, Жартас жолы маңынан тапты. Денеде зорлық белгілері болған жоқ. «Факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі «Суицидке апару» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жалғасуда», — деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.