Ақтөбе облысында қайғылы жол апаты орын алды

0 57

23-нен 24 тамызға қараған түні шамамен сағат 00:50-де «Шалқар – Ырғыз» автожолының 91 шақырымында Toyota Estima автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттардан үш адам қаза болды. Сонымен қатар үш жасөспірім Шалқар қаласының орталық ауруханасына жатқызылды.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардан сақ болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды!

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.