Ақтөбеде түн ортасында жас келіншек 5 айлық баласын көшеде ұмытып кеткен

0 11

Ақтөбе қаласының тұрғыны көшедегі орындықтан бес айлық баланы тауып алды. Оны анасы ұмытып кеткен.

Бүгін түнгі сағат 1:00 шамасында Ақтөбе қаласындағы №3 полиция бөлімінің кезекші бөліміне тұрғын хабарласып, бес айлық бала көтеріп әкелді. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оны тұрғын қаладағы 8-наурыз көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан тауып алған. Бала орындықта жылап жатқан.

«Қалалық ювеналды полиция тобының бастығы Ботакоз Жалекешованың айтуынша, екі таныс келіншек бір-бірін көшеде көріп қалған. Аз кем әңгімеден соң әйелдің мас күйінде жүргенін сезген ақтөбелік келіншек қоштасқан кезде қайта бұрылып, артына қарайды. Сол кезде орындықтағы сөмкенің жанында жылап жатқан баланы да көреді. Ол баланы алып, полицияға тапсырған», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бала қазір «Үміт» балалар үйінде. Баланы анасына қайта беру, бермеу мәселесін қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия шешеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.