Ақтөбеде жол апаты кезінде жолаушы көз жұмды

0 10

Ақтөбедеде жол-көлік апаты кезінде төрт адам ауруханаға түсіп, жолаушы көз жұмды.

Оқиға Шұбарқұдық ауылы мен Қандыағаш қаласы арасында болды. ВАЗ-2114 автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі ауылдан Қандыағаш қаласы бағытында келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кеткен. Сол кезде «Nissan Teana» автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен екі жолаушы Темір орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Кейін «Nissan Teana» автокөлігінің жолаушысы қайтыс болғаны анықталды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтің мәліметіне сүйенсек, барлығы бес адамға көмек көрсетілгенімен, оқиға орнында 48 жастағы әйел көз жұмған. Сонымен бірге көлік ішінде болған адамдардың көбі бас-ми жарақатын алып, ауруханада ем қабылдап жатыр.

Еске салсақ, Ақтөбеде соңғы уақытта жол-көлік апаты жиілеп кетті. Кеше қалада әжесі мен немересін көлік қағып кетіп, қария оқиға орнында көз жұмды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.