Қар аралас жаңбыр, көктайғақ: 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қар аралас жаңбыр, көктайғақ: 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Жамбылинфо Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін циклонның және соған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашын болып, қар аралас жаңбыр жауады. Синоптиктердің болжамы бойынша, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады. Абай облысының солтүстігінде, батысында және орталығында күшті жел тұрады, екпіні – 30 м/с.