Қарғын судан зардап шеккен халыққа 2 миллиард қаржы бөлінбек
Теңізшевроил апат кезінде Атырау облысының тұрғындарымен, және Қазақстан халқымен бірге екендерін мәлімдеп, су тасқынынан төнген қауіпті азайту, артынша жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 2 миллиард теңге бөлгелі отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Бөлінген қаражат су тасқынының салдарын жоюға және де далада қалған халықтың тұрмысын қайта қалпына келтіруге қосқан үлкен үлесі екен.
Су тасқыны басталған мезеттен бастап Теңізшевройл қолдарынан келгенше қолда бар құралдарды ұсыну арқылы жергілікті халыққа қолдау көрсету мақсатында, өзінің бизнес серіктестерімен және Атырау облысының әкімдігімен ынтымақтасып жұмыс істеп жатқанын да айта кетті.
Мәселен, апат басталғаннан бастап осы уақытқа дейін, ТШО өзінің бизнес серіктестерімен бірігіп 90-нан астам мамандандырылған техника, шамамен 30 автобус, сонымен қатар, азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармай ұсынған.
Теңізшевроил Қазақстанның тыныштығы үшін, көмек көрсету жұмыстарын қауіпсіз әрі сапалы түрде жасай отыра, қандай жағдай болса да қоғаммен бірге екендерін хабарлады.