Жаңалықтар

Қарағанды – Астана тасжолында 500 көлік боран салдарынан бөгелді

Осыған ұқсас жағдай Қарағанды – Балқаш тасжолында да тіркеліп, онда 50-ден астам көлік жиналды

Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар барлық автожолдарда қозғалыс уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қатты боранның салдарынан Қарағанды – Астана тасжолында 500-ге жуық көлік жолда қалып қойды. Ұқсас жағдай Қарағанды – Балқаш тасжолында да тіркеліп, онда 50-ден астам көлік жиналды.

Полиция қызметкерлері көліктер легінің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдап жатыр.