Қарағанды облысында «Альфард» аударылып, 7 адам қаза тапты
Қазір жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалған
Көлік апаты бүгін сағат 10-ға қарай «Қарағанды-Балқаш» бағытындағы жолдың бойында Құрма ауылынан екі шақырым жерде болған деп хабарлайды Jambylinfo.kz .
Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарлауынша, апатқа көктайғақ себеп болуы мүмкін. 54 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай «Тойота Альфард» көлігі кюветке құлап кетіп, аударылып қалған.
Сол жерде жүргізуші мен 6 жолаушы көз жұмған. Оның екеуі бала. 12 жастағы қыз бала ауруханаға жеткізілді.