Жаңалықтар

Қарағанды облысында Балқаш көліне балық жіберу жалғасуда

Қарағанды облысында Балқаш көліне балық жіберу жалғасуда

Балқашқа балық жіберу жыл сайын жүргізіледі. Ресурстар таусылмас үшін қорды толтырудың маңызы зор. Биыл көлге 120 мыңнан астам тұқы мен сазан шабақтары жіберілді Жұмыстар жылына бір рет жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, күз айлары балықтандырудың ең қолайлы маусымы. Табиғи факторларды ескере отырып, бұл уақытта балықтың өміршеңдік деңгейі шамамен 70% құрайды. «Биыл Қарағанды облысының аумағындағы Балқаш көліне 122 мың шабақ жіберілді. Бұл үй жағдайында өсірілген тұқы және өміршеңді полиморфты сазан, ол балық жіберу мақсатында алғаш рет қолданылды. Жұмыстар жалғасуда», - деді Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Балқаш филиалының директоры Еркінбек Құматаев. Балқаш көлінде кәсіпшілік және әуесқойлық балық аулау белсенді жүргізіледі. Өңір бойынша алты ірі балық шаруашылығы кәсіпорны жұмыс істейді.