Қарағандыда ауруханадағы науқас қате салынған екпеден қайтыс болды
Қарағандыда ауруханадағы науқас қате салынған екпеден қайтыс болды
Қарағандыдағы облыстық клиникалық ауруханада дәрігерлер науқастың "ЦЕФ-3 препаратына қатты аллергия бар" деген сөзіне назар аудармай, укол салған. Салдарынан науқас анафилактикалық шок алып көз жұмған. Қайғылы оқиға 8 қарашада болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Патриот" Telegram-арнасына сілтеме жасап. Марқұмның туыстары оқиға қалай болғанын айтты.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қанат Абзалиевтің айтуынша, тексеріс жүргізілген.