Қарағандыда көз жұмған 4 бірдей бала үйде жалғыз болған-ТЖД
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Талды ауылында үйде өрт шығып, 4 бірдей бала көз жұмған
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Департамент мәліметінше, 2 пәтерлі бір қабатты тұрғын үйде 10 шаршы метр алаңда үй заттары, жиһаз, терезе және есік блоктары жанған.
Өрттің салдарынан 2019, 2020, 2021, 2022 жылдары туған 4 бала қайтыс болды. Өрт шыққан кезде балалар үйде жалғыз болған.