Жаңалықтар

Қарағандыдағы «Абай» шахтасында 155 адам эвакуацияланды

Оқиға 7 қараша күні шахтада жарық өшіп қалғаннан кейін орын алған

Кәсіпорынның Орталық диспетчерлік басқармасына 7 қараша күні сағат 20:29-да шахтада электр энергиясының тоқтағаны туралы хабар түскен. Бұған «Қарағанды» ЖШС №9 трансформаторлық станциясында электр қуатының тоқтауы себеп болды. Кешкі ауысымда болған 155 адам шұғыл жер бетіне шығарылған деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Qarmet АҚ қазіргі уақытта электр энергиясының қалпына келтірілгенін және кәсіпорын қызметкерлерінің қауіпсіз түрде жұмысты қайта бастау үшін шахтаны дайындап жатқанын хабарлады.