Жаңалықтар

Қарағандыда үй өртеніп, екі бала көз жұмды

Тағы екі бала және 60 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.

  9 қаңтарға қараған түні Пришахтинская көшесіндегі тұрғын үйден өрт шықты. Қайғылы оқиға Қарағанды қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Салдарынан 2 және 4 жастағы екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

 Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 және 9 жастағы екі үлкен бала өртеніп жатқан үйден өз бетімен шығып кеткен.

Өрттің алдын ала себебі - электр сымындағы қысқа тұйықталу.