Жаңалықтар

Қарақат кеш босанған аналарға таңданысын жасыра алмады

Эстрада жұлдызы Қарақат Әбілдина 50 жасқа қараған шағында ана атанған әйелге «Бұл рекорд» деп риза болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Кеше Қарағанды қаласында тұсау кесер рәсімін өткізгенде, 49 жаста алғаш ана атанған қонағымыз болды. Бөпесі Шахкерімнің тұсауын кестік.
Мен 6-шы баламыз, Айзониді дүиеге әкелгенде ойлағам «өте кеш босанып жатқан сияқтымын» деп ойлаған едім. Сөйтсем жақсылық, қуаныш дегеннің кеші болмайды екен ғой. Сол сияқты міне осы сәбидің де әжесі «Адамнан бір, Алладан екі сұрап алғаным» деп қуанып, батасын беріп жатыр. Сіздер ең кеш босанған кімді көрдіңіздер? Қай жасында? Менің көріп әрі қуанып, әрі таңғалғаным осы. Соны сіздермен бөлісіп жатқаным Жақсы адамдарым!» - деп жазды жеке парақшасында Қарақат.

Желі қолдануышыларының тарапынан түрлі пікір жолданды. Көбі құтты болсын айтып, балалардың болашағының жарқын болуына тілектестігін білдірген.  Ал  2023 жылдың қыркүйек айында 44 жасында алғаш ана атанған  желі қолданушысы: «Аллаға шүкір, 44 жасымда алғаш ана атанып, сәбиіміздің есімін «Қыдырәлі» деп қойдық. Себебі анам түсінде сіздерді яғни Қыдырәлі мен Қарақатты көрген еді» деп пікір білдіріпті.