Жаңалықтар

«Қарасора-2024» іс-шарасының қорытындысы: 6 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Шара барысында 28 жедел мобильдік топ құрылып, Полиция  департаментінің 100-ден астам қызметкері тартылды

Жамбыл облысының географиялық ерекшелігіне байланысты «Қарасора-2024» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының өткізілу барысына баса назар аударылды деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шара заңсыз айналымға түсетін есірткі көлемін азайту мақсатында жыл сайын өткізіледі және бұл өз кезегінде шараның тиімділігін ұдайы дәлелдеуде.

  8 қызметтік-іздестіру иті, 5 жылжымалы мобильдік бекет жұмыс жасады. Сонымен қатар ҚР Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар», Ұлттық ұланның «Бүркіт» күш-құралдары және ҚР Қорғаныс министрлігінің ұшқышсыз ұшатын аппараттары аталған іс-шараға тартылды.
1 маусым мен 30 қазан аралығында Шу алқабынан қарасора тасымалданатын 6 арнаның жолы кесілді.
Басқа облыстардың полиция департаменттерімен бірлесе отырып, Шу алқабынан Астана және Ақтау қалаларына 80 келіден астам «марихуана» және 4 келі «гашиш» тасымалдайтын каналдың жолы кесілді. 
Сондай-ақ полицейлер Алматы қаласынан облысымызға «синтетика» тасымалдайтын 2 ірі арнаны жауып, 2 келіден астам «синтетика» есірткісін тәркіледі.

Есірткі бизнесімен күрес бірнеше басқа бағыттар бойынша да  жүргізілуде: алдын алу, ақпараттық кеңістікті   мониторингілеу, дилерлермен байланысу ресурстарын көрсететін қабырғалардағы граффити жазбаларды жою.
848 профилактикалық іс-шараға 24 мыңнан астам оқушы қатысты.
«NarcoShekteuTaraz» Telegram-боты Полиция департаментінің базасында синтетикалық есірткілерді сақтау орындары (жасырын орындар), граффити жазбалар, облыс тұрғындарының жарнамалық белгілері бар аккаунттар туралы хабарламалар мен сұраныстар туралы мәліметтер жинақталады.
2024 жылдың 10 айында «Narko Shekteu Taraz» Telegram ботына 2 047 сұраныс келіп түсті, оның 1 746-сы интернет-сайттардан (1 670-і бұғатталған), 289-ы граффити жарнамасы бойынша, барлық жазбалар жойылды.