Жаңалықтар

Қаратау қаласында 80 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

The final spritzer

Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында 80 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй қайта қалпына келтіріліп пайдалануға берілді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Салатанатты шараға аудан әкімі қатысып, қоныс той иелерін қуанышымен құттықтап, пәтер кілттерін табыс етті.

"Өздеріңіз білесіздер, елімізде соңғы жылдары экономиканың өрлеуі, халықтың әл-ауқатының жақсаруы мақсатында Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуының басым бағыттарының бірі ретінде тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жұмыс жүргізіліп жатыр. Осыған сәйкес, қаламыздағы Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан бес қабатты 80 пәтерлі көпқабатты үй қайта жөндеуден өткізіп, ел игілігіне ұсынып отырмыз. Бұл баршамыз үшін үлкен қуаныш. Мұндай қуанышты сәттер болашақта да жалғасын таба береді"-деді аудан басшысы.

Қайда жөндеуден өткен үйдің кілттері кезекте тұрған көпбалалы жанұяларға, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлерге табыс етілді.