Жаңалықтар

Қаратауда облыстық ашық турнир өтті

Бүгін Талас ауданының Құрметті азаматы, Қоғам қайраткері Әбілқайыр Сатыбалдинның 100 жылдығына арналған жасөспірімдер арасындағы жылдам шахмат пен командалық және кіші футболдан облыстық ашық турнирі өтті.

Турнирдің ашылу салтанатында алғашқы болып облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов сөз сөйледі.

Сонымен қатар, Әбілқайыр Сатыбалдиннің ұлы Әзімхан Әбілқайырұлы — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көптеген мемлекеттік сыйлықтардың иегері, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнир қорытындысында жеңімпаздар мен қатысушылар Кубок пен түрлі сыйлықтармен мараппатталады.