Ардагерге құрмет көрсетті

0 75

Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күні. Осыған орай, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаевтың бастамасымен ЖД-158/5 мекемесінің басшы құрамы Ауған соғысының ардагері Қайрат Масатбаевтың шаңырағына арнайы барды.

Жылы жүздесуде ҚАЖ қызметкерлері ардагерге құрмет көрсетіп, Нияз Қанатұлының жүрекжарды лебізін жеткізді.

— Ауған соғысынан аман оралған ардагерлер бүгінде еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатыр. Сол сұрапыл соғысты өз көздерімен көрген интернационалист-жауынгерлер түрлі салада қажырлы еңбек етуде. Батырларымыздың ерлігі мен даңқын ұмытпай, болашақ ұрпаққа үлгі етуіміз керек. Өскелең ұрпаққа Ауған соғысының тарихын айта отырып, бойларыңа патриоттық сезімді ұялату – басты парызымыз. Тәуелсіз елімізде татулық пен бірлік болсын, — деді ЖД-158/5 мекемесінің бастығы Бақытжан Шарипбеков.

Қайрат Сабырұлы 1963 жылы 22 сәуірде Жамбыл облысында дүниеге келген. 1981 жылы небәрі 18 жасында Ауғанстанға жіберілетін Кеңес әскерінің құрамына шақырылған. Осылайша, әскери борышын өтеуде 1 жыл 10 ай мерзімі қан майданда өткен. 1983 жылдың қазан айында елге оралған ардагер жауынгер бейбіт елдің аспанын бұлт торламаса деген тілегін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.