Арменияда жауынгер әріптестеріне оқ атты

0 1

Жауынгерлік бекіністе кезекшілікте тұрған армян сарбазы өз әріптестеріне оқ атты. Оқыс оқиға салдарынан запастағы бір сержант қаза тауып, тағы бір сарбаз жараланды.

«Оқыс оқиға елдің оңтүстік-шығысындағы әскери бөлімдердің бірінде 13 қыркүйекте орын алды. Оқ атушыны жергілікті тәртіп сақшылары ұстап, оның үстінен жауынгердің кезекшілік ережені бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы әзірге ашып айтылмайды. Тергеушілер ұсталған адамның не себепті мұндай әрекетке барғандығын тексеруде», деп жазады News.am республикалық тергеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін, Ерасх ауылы маңындағы Әзірбайжан Қарулы Күштерінің снайперлік шабуылы салдарынан армян жауынгерінің қаза тапқаны белгілі болды. Оқ бітімгершілік келісімге қарамастан шекара аймағында атылған. Алайда Баку бұл оқиғаны жоққа шығарды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.