Арыс қаласында 240 отбасы баспаналы болды

0 10

Арыс қаласында 240 отбасы баспаналы болды

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған үйлерге кезекте тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, жетім және халықтың әлеуметтік осал тобы санатындағы басқа да азаматтар ие болды.

Жаңа пәтер иелерін ҚР Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев және қала әкімі Гүлжан Құрманбекова арнайы құттықтап, кілттерді табыс етті.

«Көктем-2» тұрғын ауданында бой көтерген 5 қабаттан тұратын 4 көпқабатты үйдің жалпы көлемі 12 308 шаршы метрді құрайды. 60 пәтерден тұратын әрбір ғимаратта 1 бөлмелі – 15 пәтер, 2 бөлмелі – 15 пәтер, 3 бөлмелі – 30 пәтер бар.

Айта кетейік, қазіргі таңда Арыс қаласы бойынша тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін кезекте 2 200-ден астам адам тұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.