Жаңалықтар

Арыстағы жарылыс: екі адам ауыр хәлде ауруханаға түсті

Арыстағы жарылыс: екі адам ауыр хәлде ауруханаға түсті

 Арыс қаласындағы наубайханалардың бірінде газ баллоны жарылып, екі қызметкер ауыр хәлде ауруханаға түсті, деп хабарлайды jambylinfo.

Жергілікті «Отырар» сайтының хабарлауынша, қаладағы наубайхана мен оған жақын орналасқан дүкеннің 200 шаршы метрге жуық аумағы өртке оранған. «Құтқарушылардың айтуынша, газ баллондарының бірі өрт орнына жақын тұрғандықтан газ тез қызып, жарылыс болған. Екі адамның денесінің 30 және 70 пайызын күйік шалған. Оқиға орнынан 50 литрлік екі газ баллоны және 25 литрлік екі баллон шығарылды», - деп жазады сайт.