Жаңалықтар

Қаржы министрлігі мемқызметшілерге берілетін сыйақы туралы мәлімдеме жасады

Бұл мәселе арнайы қаулыға сәйкес жүзеге аспақ

Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметшілерге берілетін сыйақы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Tengrinews.kz -тің жазуынша, Үкіметтің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, лауазымдық айлықақыларына үстемеақы қосу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады.

Осы қаулы арқылы шығындардың нақты тізімі айқындалған. Олар үнемделген жағдайда ғана сыйақы төленуі мүмкін (іссапарларға, коммуналды және көлік қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, үй-жайларды жалға алуға және т.б. шығындар бойынша үнемдеу).