Қаржы министрлігі мемлекетке сыйға тартылған Bentley-ді 40 млн теңгеге сатты
Қаржы министрлігі мемлекетке сыйға тартылған Bentley-ді 40 млн теңгеге сатты
Қазақстанның қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мемлекетке анонимді донор берген, 83,9 млн теңгеге бағаланған, 2017 жылғы Ventley Bentayga-ның сатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Үкіметтегі брифинг барысында вице-министрден қаржы министрлігі қымбат сыйлықты қайда жібергенін сұраған.
Бұл ретте қаржы вице-министрі қымбат автокөлікті 40 млн теңгеге сатып алған адамды атамады. Бұған дейін protenge телеграм-арнасы Қазақстанға 83,9 млн теңгеге бағаланған, 2017 жылғы Bentley Bentayga автокөлігі сыйға тартылғанын хабарлаған болатын.