Жаңалықтар

Қаржы үнемдеу қажет: Тоқаев Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады

Бұл еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу мақсатында жасалып отыр.

Президент форумға шақырылған қонақтар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп сенетінін жеткізді.

Астана халықаралық форумы өз жұмысын 2025 жылы жалғастыратын болады.