Жаңалықтар

Қаржы вице-министрі балалардың шотына неге 150 доллар емес, 100 доллар түскенін түсіндірді

Қаржы вице-министрі балалардың шотына неге 150 доллар емес, 100 доллар түскенін түсіндірді

Балалар саны көбеюіне байланысты «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында кәмелетке толмаған балалардың шотына 150 доллардан емес, 100 доллардан түскен. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Бұған дейін үкіметтегілер балалардың арнаулы жинақтаушы шотына болжаммен 150-160 доллар түсетінін мәлімдеген еді. Алайда кеше балаларға небәрі 100 доллардан аударылғаны белгілі болды.