Аша Матайдың ағасы қайтыс болды
Белгілі әнші Аша Матайдың ағасы қайтыс болды, – деп хабарлайды jambylinfo kz.Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
"Бүгін Қайын атамның қайтқанына 40 күн. Қолдау көрсетіп келген, хабарласқан әр жанға алғыс айтамыз. Құдайым сауаптан жазсын. Жүрегіміз тілім-тілім, еңсемізді енді көтереміз дегенде, әкемнің інісі, менің ағам Досербеков Дарын Сансызбайұлы бақилық болды. Бүгін Талдықорған қаласында жаназасы мен асы өтті. Біз жолдасыммен бара алмадық. Өз жұртым, ата-анам сол жақта. Жасы небәрі 38-де еді. Қайтеміз, Алланың жазғаны. Жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын. Жылы сөздеріңізге рақмет инста достарым. Отбасыларыңыз аман, үйлеріңізде той, қуаныш көп болсын!", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.