Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов: «Алты жыл бұрын бұған ешкім сенбеген»

The final spritzer

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов "Президенттің саяси реформаларын іске асыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңі" тақырыбында өткен мәжіліс отырысында білім саласындағы реформалар туралы пікір білдірді

Оның айтуынша, бұрын мұғалімдердің орташа жалақысы 109 мың теңге болса, бүгінде ол екі еседен астам өскен, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аймағамбетов алты жыл бұрын мұғалімдердің жалақысы екі есе өседі, бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады, Ұлттық қордан қаражат барлық балалардың шотына аударылады, қарапайым жұмысшылар Ақордада мемлекеттік наградалар алады десе, көпшілік бұған сенбес еді. Тіпті кейбіреулер бұл – орындалмайтын арман деп санар еді.