Ашхабадта Қазақстан-Түрікменстан Үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті

0 1

2021 жылғы 20 желтоқсанда Ашхабад қаласында (Түрікменстан) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың және Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ч. Гылыджовтың тең төрағалығымен экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікменстан Үкіметаралық комиссиясының 11-отырысы өтті

Комиссия отырысы барысында қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын, көлік және коммуникациялар, қаржы және инвестиция, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап

Leave A Reply

Your email address will not be published.