Жаңалықтар

«Ғашықтық дастаны»: Дастан Оразбеков пен жұбайының махаббаты елді сүйсінтті

Жұбайлар 2006 жылдан бері бірге қол ұстасып келеді

Қазақ эстрадасының белді өкілі, "Орда" тобының солисі Дастан Оразбековтің жарымен түскен видеосы желіде қызуы  талқыланып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Желіде тараған видеодан ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген махаббатын көруге болады. 

Сырттан түсірілген бейнежазбада 
әншінің жары ел алдында өнер көрсетіп келген жарының маңдайынан шыпшып шыққан терін сүртіп, еркелетіп отыр. 

Жиырма жылға жуық бірге келе жатқан жұбайлардың махаббаты көпшілікті сүйсінтті. 

Желі қолданушылары оларға жүрекжарды тілегін жазған. 

Айта кетейік, Дастан Оразбеков жарымен 2006 жылы танысқан. Қазіргі кезде олар 2 ұл тәрбиелеп отыр.