Астана-Бурабай бағытындағы алғашқы туристік пойыз жолға шықты
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады
Астана мен Бурабай арасында аялдамасыз қатынайтын жаңа туристік пойыз іске қосылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Министрліктің мәліметінше, пойыздың жол жүру уақыты – 2 сағат 26 минут.
6 вагоннан тұратын пойыз 574 жолаушыға арналған. Пойызда микроклимат жүйесі, USB-рәзетке, ойын-сауық контентіне қолжетімді Wi-Fi желісі, велосипедтерге арналған бекіткіштер бар. Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар жолаушылар үшін арнайы көтергіштер мен орындар қарастырылған.