Астана мектептерінде тұмауға байланысты шектеулер енгізілді
Оқу басталар алдында балалардың денсаулығы тексеріледі
Астанада оқушылар арасында тұмаудың таралуына байланысты сақтық шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қаулыға сәйкес, сыныптағы балалардың 30%-ы ауырып қалса, оқыту қашықтан форматқа ауыстырылады.
Мектептерде балалардың жағдайы күн сайын тексеріліп, тұмау белгілері байқалғандар үйлеріне жіберіледі. Сондай-ақ мәдени және спорттық шараларды ұйымдастыруға уақытша тыйым салынды.
Шектеулер эпиджағдай тұрақталғанға дейін жалғасады.