"Астана — намыссыз қазақтар тұратын қала". Абзал Құспан өз тілін білмейтін елордалықтарды сөкті
Депутаттың бұлай деуіне - көпшіліктің орыс тілінде сөйлеуі себеп болған
Астанадағы саябақтардың біріне шыққан белгілі заңгер, Мәжіліс депутаты қазақ тілінде сөйлемейтін қандастарымызды сынап әлеуметтік желідегі парақшасына жазба жариялады, -деп жазады jambylinfo.kz.
Абзал Құспанның айтуынша, дәл Астанадағыдай өз тілінен безген өресіз ата-аналарды еш жерден көріп, еш жерден кездестірмеген.
"Астанаға өңшең намыссыз, арсыз қазақтар жиналады білемін. Дәл Астанадағыдай өз тілінен безген өресіз ата-аналарды еш жерден көріп, еш жерден кездестірмеппін!" - деп жазды депутат.
Ал әлеуметтік желі қолданушылары екіге жарылды. Бірі - депутаттың сөзін қуаттаса, енді бірі - бұған қарсы уәждарын жазған.
Еске салайық, тіл жанашыры бұған дейін мемлекеттік тілге қатысты бірнеше сот процестерде жеңіске жеткен.