Астана тұрғыны автобус жүргізушісінің бетіне бұрыш баллонын шашқан
Бұзақылық жасаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды
Астанада Қалдаяқов көшесінде жеңіл көлік жүргізушісі аялдамаға тоқтағалы жатқан қоғамдық көліктің жолын кесіп кеткен. Нәтижесінде автобус жүргізушісі мен Kia автокөлігінің жүргізушісі жанжалдасып қалған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Астана қаласының Полиция департаментінің мәліметінше, автокөліктің жүргізушісі автобусқа жақындап келіп жүргізушіге баллоннан бұрыш шашып, қашып кеткен.
Сот шешіміне сәйкес, астаналық Kia автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынған.