Жаңалықтар

Астанада 2 қабатты әкімшілік ғимараттан өрт шықты

The final spritzer

Оқыс оқиға Астанадағы Байқоңыр ауданында орын алған

Астанада 2 қабатты әкімшілік ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Астана қ. Байқоңыр ауданында Пушкин көшесінің бойында орналасқан 2 қабатты әкімшілік ғимаратта ағаш төбе жабыны, керілген төбе мен жиһаз жанып кетті.

Құтқарушылардың жедел және шебер іс-қимылдарының арқасында ғимараттың барлық 9000 ш.м. алаңына өрттің таралуына жол берілмей, 280 ш.м. алаңдағы өртті жоюға мүмкіндік туды.

Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.