Жаңалықтар

Астанада «Хан Шатыр» сауда орталығының маңындағы тұрғын үйден өрт шықты

ТЖД мәліметінше қазір өрт сөндірушілер Тұран даңғылындағы ғимаратта тұтанған өртті сөндіріп жатыр.

Ғимарат әкімшілік және ішінара тұрғын үй болып табылады.

Эвакуация жүріп жатыр. 8 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның ішінде 1 бала.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.