Жаңалықтар

Астанада оқушы ұлдар 8-сыныптағы қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды

Астанада оқушы ұлдар 8-сыныптағы қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды

Астанада жоғарғы сынып оқушылары 8-сыныпта оқитын қызға сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева хабарлады. Айта кетейік, кеше әлеуметтік желіде Астанадағы мектептердің бірінде соңғы сыныптың ұлдары 8-сыныпта оқитын қызды зорлады деген ақпарат тарай бастады. Астана қаласының полиция департаменті де, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева да бұл ақпаратты растады. «Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) басталды. Күдіктілер уақытша қамау изоляторына жабылды», - дейді уәкіл. Динара Зәкиева сондай-ақ қазір қыздың анасымен үнемі байланыс отырғанын және қызға психологтар көмек беріп жатқанын хабарлады.