Соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден сыйақы беріледі
Қазір елордада 6 ардагер тұрады
Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне төленетін төлемақы мөлшері 2,5 есе ұлғаяды. Осылайша астаналық ардагерлердің әрқайсысына 5 миллион теңгеден беріледі. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Jambylinfo.kz.
Сондай-ақ соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер, өзге мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдарға атсалысқандарға 176 940 теңге жеңілдік қарастырылған.
Ал тыл еңбеккерлері, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары 15 АЕК мөлшерінде қаржылай көмек беріледі.