Жаңалықтар

Астанада үй қызметшісі 10 миллион теңгенің зергерлік әшекейлерін ұрлаған

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады

Еордада үй қызметшісі 10 миллион теңгенің зергерлік әшекейлерін ұрлаған. Күдікті әлгі үйде 6 ай жұмыс істеген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.   

Қожайыны оған сенім білдіріп, барлық бөлмелерге еркін кіруге мүмкіндік берген. 27 жастағы әйел бұл жағдайды пайдаланып, зергерлік бұйымдарды тұрақты түрде ұрлап, оларды ломбардқа өткізген. Залалдың жалпы сомасы 10 миллион теңгені құрады.

Ұрланған заттардың арасында Tiffany сырғалары мен Casato брендінің бриллиант жүзігі болған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.