Астанада зейнеткерлер қаржы пирамидасына миллиондар салып, алданып қалды
2016 жылдан 2024 жылға дейін күдікті биологиялық қоспаларды сату сылтауымен салымшыларды тартып, әр жаңа қатысушы үшін 10%-дан 300%-ға дейін табыс уәде еткен
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Салым сомасы 7 500 теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі аралықты құраған. Күдікті "Happy Life KZ" қаржы пирамидасына 35 адамды тартқан. Барлығы – оңай табысқа сеніп қалған зейнеткерлер.
Заңсыз жолмен алынған ақшаға күдікті елордадағы элиталық тұрғын үй кешенінен 36 миллион теңге тұратын пәтер сатып алған. Қазіргі уақытта бұл пәтерге тыйым салынды.
Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қолхатпен босату және тиісті мінез-құлық сақтау міндеттелді. Тергеу жалғасып жатыр.