Жаңалықтар

Астанада Жамбыл облысы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

The final spritzer

Елордаға өңірдің 10 ауданы мен Тараз қаласынан 90 тауар өндірушілері келген

Жамбылдық шаруалар жалпы құны 220,4 млн теңгені құрайтын 301,8 тонна өз өнімдерін нарық құнынан 10-20 пайызға төмен бағада сатылып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшенов айтуынша, жәрмеңкеге бүгін өңірдің 10 ауданы мен Тараз қаласының 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндіруші келген. 

«10 автокөлікке тиелген азық-түлік тауарларының ішінде 33,2 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 4 тонна шұжық өнімдері, 22,2 тонна сүт өнімдері, 6 мың жұмыртқа, 10 тонна қант, 2,5 литр өсімдік майы, 1 тонна кондитерлік өнімдер мен 5,4 тонна макарон өнімдері, 0,4 тонна ас тұзы, 4 тонна балық, 4 тонна ұн, 6,8 тонна бал және 202,3 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар», - деді ол.