"Асылым, қайдасың?". Түркістан облысында жоғалған үш жасар қыз іздестірілуде
Балақайдың із-түссіз жоғалғанына 2 тәуліктен асқан.
3 жасар Асылымның жоғалып кеткені туралы журналист Гүлмира Әбіқай кеше кешке әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған. Екі тәулік бойы полиция қызметкерлері мен ауыл тұрғындары баланы іздеп жатыр,- деп хабарлайды jambylinfo. kz.
"Асылым әлі табылмай жатыр. Таңертең кішкентай қыздың жоғалғанына 48 сағат болады. Үйдің үлкендері таңғы асты ішіп біткен сәтте кішкентай қыз ізі-қайым жоғалды. Түркістан облысының Сарыағашқа жақын Сіргелі ауылы. Шағын ауыл жоқ іздеп өре түрегелді. Бір көшеде өзі 17-ақ үй; септик, құдық, жертөле, шұңқыр бәрі қаралды, – деп жазды ол.
Гүлмира Әбіқайдың жазуынша, Асылымның отбасы белгілі экстрасенстің қызметіне жүгінген.
Экстрасенс: “Алысқа бармаңдар, сол ауыл шетіндегі су шұңқыр, (подвалды) қараңдар” деген.
"Түн тыныштығын берсін! Жақсы хабар естиікші! Бір әулеттің қуанышы, отбасындағы 5 баланың кенжесі Асылым дін-аман табылса екен, – деп жазады журналист.